Мемлекеттік резервтен қосымша арнайы техника мен басқа да гуманитарлық заттар тағы бөлінді

10 Сәуір 2024, 21:46
394
Бөлісу:
Мемлекеттік резервтен қосымша арнайы техника мен басқа да гуманитарлық заттар тағы бөлінді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Мемлекеттік материалдық резервтен тағы да қосымша материалдық қажетті заттар броньнан шығарылып, су тасқыны болып жатқан өңірлерге жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 сәуірдегі ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік материалдық резервтен қосымша 21 арнайы және автомобиль техникасы, сондай-ақ шатырлар, төсек-орын жабдықтары, ыдыс-аяқ броньнан шығарылып, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстарына жіберілді.

Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің және "Резерв" РМК қызметкерлері тауарларды мемлекеттік резервтен босатып, тәулік бойына жұмыс істеп жатыр, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы