Мемлекеттік қызметшілер көшбасшылық әдептің қыр-сырына қанықты

22 Маусым 2023, 14:23
676
Бөлісу:
Мемлекеттік қызметшілер көшбасшылық әдептің қыр-сырына қанықты
PHOTO
Фото: ИИДМ баспасөз қызметі

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Этикалық көшбасшылық» семинары өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аталған іс-шараға ведомствоға қарасты барлық комитет пен департаменттердің қызметкерлері қатысты. Семинарды Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Кәрібозова жүргізді.

Мемлекеттік қызметшілер көшбасшылық әдептің қыр-сырына қанықты

Айнұр Бағдатқызының пікіріне сүйенсек, мемлекеттік аппараттың сапалы әрі тиімді жұмысы ең әуелі басқару жүйесінде қызмет ететін мамандарға байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, олардың бойындағы көшбасшыға тән қасиеттерді дамыту маңызды саналады.

Мемлекеттік қызметшілер көшбасшылық әдептің қыр-сырына қанықты

Айталық, мемлекеттік қызметті алып қарайық. Мысалы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ұлттық экономикамыздағы маңызды секторларға жауапты орган. Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды сапалы орындап, халықтың сенім үдесінен шығу үшін бұл ведомствоның тиімді жұмыс істеуі маңызды.

Міне осы тұста көшбасшылық әдепті дамытудың өзектілігі арта түседі. Мемлекеттік қызметкер қандай да бір мәселе бойынша шешім қабылдайтын кезде үлкен жауапкершілікті сезінуі қажет. Өйткені оның пәрмені мемлекеттік мүддеге, халықтың тағдыры мен ұзақмерзімді келешегіне әсер ету мүмкін. Демек этикалық құндылықтар осындай күрделі мәселелерді реттеп, сондай-ақ қоғамға пайдасын тигізетін амалдарды қолға алуға септігін тигізеді. Ал бұл құндылықтар – шынайлық, қызметке деген адалдықтан, өз-өзіңе есеп беру сынды қасиеттерден тұрады, - деді А.Кәрібозова.

Мемлекеттік қызметшілер көшбасшылық әдептің қыр-сырына қанықты
Мемлекеттік қызметшілер көшбасшылық әдептің қыр-сырына қанықты

Семинар барысында қатысушылар сарапшымен пікір алысып, мемлекеттік қызметке қатысты ойларын ортаға салды.

 

Өзгелердің жаңалығы