Мемлекеттік қазынаға ең көп салық төлеген мұнай компаниялары анықталды

20 Ақпан 2023, 20:57
1240
Бөлісу:
Мемлекеттік қазынаға ең көп салық төлеген мұнай компаниялары анықталды
Фото: inform.kz

Өндірілген бір тонна мұнай үшін салық төлемдері бойынша ТОП-5-ке енген компаниялар рейтингін «Buzachi Operating Ltd» (Бузачи Оперейтинг Лтд) компаниясының филиалы, «Қаражанбасмұнай» және «Маңғыстаумұнайгаз» бастады. Бұл туралы «ENERGY MONITOR» Telegram-каналында хабарланды, деп жазады BAQ.KZ.

Қазақстанның энергетикалық саласы мәселелері бойынша ақпарат тарататын ақпараттық-аналитикалық канал Ұлттық қор мен мемлекеттік бюджетке жылына бір миллион тоннадан көп көлемде мұнай өндіретін компаниялардан түсетін салық және басқа да төлемдерді зерттеп, ТОП-10-дығын жасақтады.  2022 жылғы мұнай өндіру ісінің 88 пайызы осы компаниялардың еншісінде екенін атап өткен жөн.

Осы 10 жобаның өзі 2022 жылы елдің Ұлттық қоры мен бюждетіне түскен барлық салық төлемдерінің 39 пайызын құрап отыр (8,2 трлн теңге).

Өндірілген бір тонна мұнай үшін төленетін салық төлемдері рейтингі бойынша көш басында «Қарашығанақ Петролеум Компани» (165 тысяч теңге) тұр. Бұл ретте талдау барысында акционерлердің жеке табыс салығы ретінде алынатын төлемдері де ескерілді.

Екінші орынға  «Теңізшевройл» компаниясы ( 156 тысяч теңге) тұрақтады.

Ал «Buzachi Operating Ltd» компаниясының филиалы (107 тысяч теңге) үшінші орынды еншіледі, төлем көлемі 116 111 564 294 теңгені құрады.

«Қаражанбасмұнай» АҚ төртінші орынға табан тіреді. Белгілі болғандай, кәсіпорын өндірілген бір тонна мұнай үшін бюджетке 96 мың теңге төлеген. Ал жалпы сомасы 205 908 600 895 теңгені құрады.

Рейтингтің бестігіне «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ да кіреді. Бұл компания бір тонна мұнай үшін 71 мың теңге төлеген. Ал жалпы төлем сомасы 434 911 101 874 теңгеге жеткен.

Өзгелердің жаңалығы