Мемлекеттік қаржының әрбір доллары азаматтардың әл-ауқатына бағытталуы керек – сарапшы

9 Маусым 2023, 15:17
603
Бөлісу:
Мемлекеттік қаржының әрбір доллары азаматтардың әл-ауқатына бағытталуы керек – сарапшы
Фото: автордан

Мемлекеттік қаржының әрбір доллары азаматтардың әл-ауқатына бағытталуы керек. Мұндай пікірді ЭЫДҰ Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсон айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Жарты жол еңсерілді, бірақ әлі де арттамыз: 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібінің қорытындысын шығару» тақырыбында Астана халықаралық форумының кезекті сессиясы өтіп жатыр.

Отырыста сарапшылар осы тақырып аясында ойларын ортаға салды.

Орта және шағын бизнесті ынталандыратын саясат болуы керек. Сондай-ақ білім деңгейі, технологиялық процесс, осының бәрі маңызды дүние, - дейді шетелдік сарапшы.

Айтуынша, мемлекеттік жеке серіктестік болуы тиіс.

Яғни мемлекеттік қаржыландырудың әрбір доллары азаматтардың әл-ауқатына бағытталуы керек. Орнықты даму мақсаттары туралы айтатын болсақ, мысалы, көміртекті бейтараптандыруға көшу туралы сөз көтеріліп отыр. Оның барлығы керек. Мемлекеттік қаржыларды пилоттық жобаларға қолдану қажет, - деп айтты Уильям Томпсон форумның сессиясында.

8-9 маусым күндері елордада Астана халықаралық форумы өтіп жатыр. 8 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен форумның пленарлық отырысы өткенін еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы