Мемлекеттік органдарда ашық есік күні өтті

31 Қазан 2019, 05:33
2978
Бөлісу:
Мемлекеттік органдарда ашық есік күні өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен өңірдің мемлекеттік органдарында халыққа арналған ашық есік күні өткізілді.

Облыс тұрғындары қызмет бағыттарымен егжей-тегжейлі танысып, мемлекеттік кірістер, әділет, статистика және басқа да мемлекеттік органдарда өздерін толғандыратын мәселелер бойынша қажетті кеңес алды. Студенттерді, жоғары оқу орындар мен колледждердің түлектерін мемлекеттік органдарға жұмысқа орналасу, мемлекеттік қызметке түсу мүмкіндігі қызықтырды.

Мысалға, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіндегі заң факультетінің түлектеріне әділет департаменті, мемлекеттік органның міндеттері, құрылымы және әділет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірілді. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облыстық департаменті өкілдерінің айтуынша, мұндай шаралар тұрақты негізде өткізіледі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтары қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару деп белгіледі" - дейді олар.

Өзгелердің жаңалығы