Мемлекеттік органдар бизнеске залал келтірсе, заң алдында жауап береді

23 Желтоқсан 2021, 14:17
2915
Бөлісу:
Мемлекеттік органдар бизнеске залал келтірсе, заң алдында жауап береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Сенат отырысында бизнесті жүргізу жағдайын жақсарту жөнінде заң қабылданды. Енді мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары бизнеске залал келтіргені үшін заңды түрде жекелей жауапты болады.

Бұл заң Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін әзірленді. Құжатта бизнесті қолдайтын жаңа заңнамалық шаралар ұсынылды. Соған сәйкес, бизнесті реттейтін құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау тәртібі кәсіпкерлердің заңды мүдделерін ескере отырып күшейтіледі. Бұл заң бизнесті дамытуға қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің қызметіне негізсіз араласуды болдырмауға бағытталған, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенаторлар бүгін қабылдаған заңда осындай қағида бекітіліп отыр. Бизнесті жүргізу үшін оңтайлы жағдай жасау – құжаттың басты мақсаты болып табылады. Мысалы, бизнеске қойылатын қосымша талаптардың пайда болуына орай енді «1 in 2 out» қағидаты бойынша күрес жүретін болады. Бұл дегеніміз, бір жаңа талап енгізілгенде немесе бизнеске қатысты реттеуді қатаңдатқанда бизнесті құқықтық реттеудегі сол саладан басқа екі талап алынып тасталуы тиіс.

Еске сала кетейік, бұған дейін жануарларға қатыгездік үшін жаза күшейтілетіні туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы