Мемлекеттік еңбек инспекциясы Еңбекминінің қарамағына беріледі

27 Наурыз 2024, 13:45
277
Бөлісу:
Мемлекеттік еңбек инспекциясы Еңбекминінің қарамағына беріледі
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Үкімет еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан орталық мемлекеттік органның қарамағына беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын дайындап, орналастырды.

Қаулы жобасында:

  • Еңбекмині жанынан жеке Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетін құру;
  • Еңбекминінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің атауын Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті деп өзгерту;
  • Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің атауын өзгерту;
  • мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметіне байланысты редакциялық түзетулер көзделеді.

Еңбек инспекциясын жергілікті атқарушы органдардан Еңбекминінің қарамағына беру нәтижесінде еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау күшейтілетін болады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, ел кәсіпорындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың туындау тәуекелдерін азайтуға ықпал ететін болады.

Қаулы жобасымен толығырақ «Ашық НҚА» порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы