Мемлекеттік бюджетке 10 айда 11,7 трлн теңге салық түсті

25 Қараша 2022, 21:45
1106
Бөлісу:
Мемлекеттік бюджетке  10 айда 11,7 трлн теңге салық түсті

2022 жылғы 10 айда мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,4% орындалды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоспар бойынша 11 316,8 млрд. теңге белгіленіп, 382,0 млрд. теңгеге асыра орындаумен 11 698,8 млрд. теңге түсті, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе немесе 3 400,2 млрд. теңгеге өсті, оның ішінде:

- Республикалық бюджет 101,1% орындалды (жоспар бойынша 7 867,3 млрд.теңге, 89,3 млрд. теңгеге асыра орындаумен 7 956,6 млрд. теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе немесе 2 518,5 млрд. теңгеге өсті.

- Жергілікті бюджет 108,5% орындалды (жоспар бойынша 3 449,5 млрд.теңге, 292,8 млрд. теңгеге асыра орындаумен 3 742,2 млрд. теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,8% немесе 881,7 млрд. теңгеге өсті.

2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің мұнайға салынатын экспорттық кедендік баждар және үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 1,7 есе, ішкі қндіріс тауарларына ҚҚС 57,2%-ға, корпоративті табыс салығы 51,8%-ға, пайдалы қазбалар өндірісіне салынатын салық 24,1%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 16,9%-ға өсуі байқалады.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.

2022 жылы 10 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 46,9%, мырышқа 21,9%, алюминийге 13,9% және алтынға 0,6% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 43,1%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы 10 айында – 61,5$, 2022 жылғы 10 айында 1 тонна үшін – 88,0$).

Ағымдағы жылғы 10 айда үшінші елдермен тауар айналымы 43,6%-ға өсті (экспорт 48,3%-ға, импорт 32,5%-ға өсті).

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 10 айда өткізу бойынша айналым 22,0%-ға (94 312 млрд. теңгеден 115 081 млрд. теңгеге дейін) ұлғайды.

Өзгелердің жаңалығы