Мемлекеттік басқару жүйесі одан әрі жетілдіріледі

4 Шілде 2019, 17:25
1825
Бөлісу:
Мемлекеттік басқару жүйесі одан әрі жетілдіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы қаулы етті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі, оған Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағыныстағы ұйымдар арасында штат санын қайта бөлуді; 2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін", - делінген қаулыда.

Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігіне жүктелсін.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті қаржы саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтарға арналған салықтық рақымшылық рәсімін реттеуге және жаппай жария ету мерзімдерін ауыстыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Өзгелердің жаңалығы