Мемлекеттік бағдарламалар ұлттық жобаларға ұласады

20 Қазан 2021, 12:14
1696
Бөлісу:
Мемлекеттік бағдарламалар ұлттық жобаларға ұласады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев хабарлады. Сондай-ақ ол экономиканың нақты секторын қолдауға және дамытуға арналған шығыстардың көлемін атады.

Экономиканың нақты секторын қолдауға және дамытуға арналған шығыстар орта мерзімді кезеңде 3,6 трлн теңгені, оның ішінде 2022 жылға 2,0 трлн теңгені құрайды. Осы бағыт аясында «Нұрлы жер», «Нұрлы Жол», «Бизнестің жол картасы-2025», «Агроөнеркәсіп кешені» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға шығыстар көзделген. Олар біртіндеп ұлттық жобаларға ұласатын болады, - деді Қаржы министрі.

Оның айтуынша, Мәжілісте талқыға түсіп отырған «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына бірқатар түзету енгізілген.

Түзетулердің бірінші блогы Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын қаржылық қамтамасыз етуге бағытталған. Мәселен, 2022 жылға азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының еңбекақыларын көтеруге 143,4 млрд теңге сомасында қаражат көзделген. 2023-2024 жылдарға арналған қажеттілік 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру кезінде ескерілетін болады, - деп атап өтті Ерұлан Жамаубаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр педагогтар мен медицина қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге қанша қаражат көзделгенін айтқан еді.



Өзгелердің жаңалығы