Мемлекеттен несие алған фермерлер табысты жұмыс істеуде

3 Маусым 2021, 09:28
2131
Бөлісу:
Мемлекеттен несие алған фермерлер табысты жұмыс істеуде
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілішсі. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ-тан қолдау көрген Алматы облысының фермерлері бірегей жобаларды іске асырып жатыр.

Биыл Алматы облысында алма бағын өсіру мен жеміс-жидек пен көкөніс өнімдерін тоңазытып, қатыру бағытындағы екі жоба іске қосылған.

Мемлекеттен несие алған фермерлер табысты жұмыс істеуде

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 46,8 гектар жерге алма ағашын отырғызған «Fresh Land» ЖШС «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-нан 1,3 млрд теңге несие алған. Мемлекеттік несиенің арқасында фермер 2020 жылы 150 мыңдай түп алма ағашын отырғызыпты.

Ағаш көшеттерін Италиядан алдырдық. Бұл алмалар ұзақ сақталады және жақсы өнім береді. Алма ағаштары төрт жылдан кейін ғана толық көлемде өнім береді, ол кезде 2,5 мың тонна өнім аламыз деп отырмыз, - дейді фермер Батыржан Әлібаев. 
Фермер «Қарапайым экономикалық заттар» бағдарламасы аясында жылдық пайыздық мөлшерлемесі 5%-дық несие алған. Мұндай пайызы аз несиені қазір ешбір банк бермейді дейді шаруа. Сондай-ақ ол мемлекеттік қолдаудың арқасында үлкен жобалар іске асырылып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

Мемлекеттен несие алған фермерлер табысты жұмыс істеуде

Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ-тан несие алып, өз ісін дөңгелетіп отырған шаруашылықтың бірі «FROSCO» ЖШС. Бұл мекеме 2,1 млрд теңге несие алып, көкөніс пен жеміс-жидектерді өңдеп, кейін дайын өнімді тоңазытып, қатыратын кешен салуды қолға алған. 

Мекеменің басшысы Ерік Мұсағұловтың айтуынша, кешен айына мыңдаған өнімді өңдеп, қатыруға қауқарлы. Кешеннің құрылыс жұмыстары 2018 жылы басталған, қазір ішінде монтаждау және тоңазыту жабдықтары орнатылып жатыр. 

Кешенде айына 1 мың тоннаға дейін көкністер мен жеміс-жидекті өңдеп, қатыра аламыз. Сондай-ақ мұнда қатырылған өнімді сақтайтын 400 тонналық қойма жасалды. Бұл өнімнің басым бөлігі Ресейге экспортталмақ, - дейді ол.

Мемлекеттен несие алған фермерлер табысты жұмыс істеуде

Сонымен қатар фермер аталған кешеннің жанында 200 гектар жерге көкөніс пен жеміс-жидек өсіріп отыр. Оның өнімін осы кешенде өңдеп, дайын өнімді қатырып, дүкендерге жөнелтіп отырады. 

Ерік Мұсағұлов аталған жоба аясында 200-дей адамды жұмыспен қамтып отырғанын айтты. Оның барлығы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны.

Өнімді өңдеу кешенінде 40-50 адамды тұрақты жұмыспен қамтимыз. Ал шикізат базасында 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Одан бөлек маусымдық бау-бақша егу мен баптауға 100 адам жұмысқа тартылып отыр, - дейді ол. 
Мемлекеттен несие алған фермерлер табысты жұмыс істеуде

«Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ Маркетинг және PR қызметінің басшысы Руслан Ескендір 2019-2021 жылдар аралығында корпорация арқылы 1476 ауыл шаруашылық тауар өндіруші 71,4 млрд теңгеге қаржыландырылғанын айтты.

Осы аралықта корпорация алма бағын өсіру бойынша барлығы 22 млрд теңге көлеміндегі 23 жобаны қаржыландырды. Көкөніс пен жеміс-жидекті сақтау бағытында екі жылда 21 жоба қаржыландырылды, оның жалпы сомасы 8,9 млрд теңгені құрады, - дейді Р.услан Ескендір.

Өзгелердің жаңалығы