Мемлекеттен мардымды қолдау көрмеді. Ринат Зайытов Көлгіновке сауал жолдады

15 Мамыр 2023, 12:15
1060
Бөлісу:
Мемлекеттен мардымды қолдау көрмеді. Ринат Зайытов Көлгіновке сауал жолдады
Фото: BAQ.KZ

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов өзіне жақын тақырыпты көтеріп, Үкіметке сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақ халқы үшін айтыс өнерінің орны әрқашан да ерекше болған. «Сөз қадірін - өз қадірім» - деп түсінген дана халықымыз айтысты тек қана өнер емес, бір рулы елдің, бір аймақтың, қалаберді біртұтас мемлекеттің мүддесін қорғайтын пікір - талас алаңы деп таныған, - деді Зайытов.

Сөзінше, еліміз тәуелсіздік алғалы айтыс өнері ары тұра мемлекеттік қаржысынан ұйымдастырылатын айтыстар болмаса, мемлекеттен мардымды қолдау көрді деп айтуға келмейді. Уақыттың сынақтарына қарамастан айтыс өнері бүгінгі күнімізге, қазақ халқының махаббатымен демеуінің арқасында жоғалып кетпей жетті.

Жетіп қана қоймай, 2012 жылдың 1 тамызында «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған еді. Қазіргі таңда, Одақ мүшелігінде 250-ге тарта айтыскер мен жыршы, термеші бар. Одақ құрылғаннан бері 110 халықаралық және республикалық, 100-ден астам облыстық пен аудандық айтыс өткізілді. 5 рет Республикалық жыршы-термешілер байқауын жеке кәсіпкерлердің көмегімен ұйымдастырған болатын.
Алайда, мұндай зор іс-шараларды жүзеге асырып отырған Одақтың әлі күнге дейін бір тұрақты ғимаратының жоқтығы өкінішті-ақ. Мемлекет тарапынан айтысқа бөлінетін қаржы да Одаққа белгісіз себептермен толық жетпейді, - деп айтты депутат.

Депутат мынадай ұсыныстарын Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады:

1. Алматы қаласынан Қазақстанның айтыс ақындары мен жыршы – термешілер одағының атына тұрақты мекенжайы болып бекітілетін, ғимаратпен қамтамасыз етуіңізді;

2. Мәдениет министрлігі тарапынан жартылай тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуіңізді сұраймын.

Өзгелердің жаңалығы