Мемлекетке 21 млн теңге шығын келтірді. ІІМ браконьерлермен қалай күресіп жатыр?

29 Қараша 2021, 11:15
1049
Бөлісу:
Мемлекетке 21 млн теңге шығын келтірді. ІІМ браконьерлермен қалай күресіп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз министрліктің дәстүрлі брифингінде айтты.

Ішкі істер органдарының міндеттерінің бірі - табиғатты қорғау іс-шараларына қатысу, табиғат қорғау органдарына браконьерлікпен күресте көмек көрсету. Шара нәтижесінде 3,5 табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 1 983 заңсыз аңшылық, 68 - ағаштарды заңсыз кесу, 747 - заңсыз балық аулау, 21 - жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз алу, тасымалдау, әкету, сақтау фактілері бар, - деді Нұрділдә Ораз.

Ресми өкіл тәркіленген заттарды тізіп берді.

Барлығы заңсыз дайындалған 227 текше метр ағаш, 9,8 тонна балық, оның ішінде жарты тонна бекіре тұқымдас балық, 17 киік мүйізі, 462 құқық бұзушылық жасау құралы, 142 аңшылық атыс қаруы тәркіленді. Анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша экологиялық бұзушылықтар бойынша 120 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды, - деді ол.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 21 миллион теңгеден астам.

Мәселен, Ақтөбе қаласында қызыл кітапқа енген қарағашты заңсыз кесумен айналысқан азамат ұсталды. Батыс Қазақстан облысында шаруа қожалығының қызметкері киіктерді өлтірді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы