Мемлекетке 109 млн теңгеге жуық залал келтірген кәсіпкер сотталды

26 Маусым 2023, 12:30
696
Бөлісу:
Мемлекетке 109 млн теңгеге жуық залал келтірген кәсіпкер сотталды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қарағанды облысы бойынша ҚМА департаменті жұмысты нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді аяқтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Халық тұтынатын тауарларды сатумен айналысатын жеке кәсіп иесі оның атынан «ТехнологияГорМаш» және «ТД СнабСервис» ЖШС атына 2019 жылдың сәуірі мен 2020 жылдың қараша айы аралығында тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектерге шот-фактуралар жазғаны анықталды. Бірақ іс жүзінде бұл тауарларға жеткізушілері болмаған. 

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан мемлекетке жалпы сомасы 109 млн теңгеге жуық ірі залал келтірілді. Сот үкімімен кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған коммерциялық ұйымдарда әкімшілік-өкімдік функциялармен байланысты лауазымдарды 5 жыл мерзімге атқару құқығынан айыра отырып, 3,5 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кесілді, - делінген ҚМА хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы