Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетауда ұсталды

13 Қаңтар 2024, 11:33
316
Бөлісу:

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетауда қолға түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыскерді Көкшетау қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Шетелдік» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында анықтаған.

Анықталғандай, 2018 жылы қазақстандық Ресейдің Омбы облысының аумағында есірткі қылмысын жасаған, алайда ол жазадан құтылып, 5 жыл бойы Көкшетауда жасырып жүрген. Осы уақыт ішінде ер адам РФ Қылмыстық кодексінің 228-бабының 1-бөліміне сәйкес Омбы облысы бойынша РФ ІІМ Басқармасында мемлекетаралық іздеуде болған. Көкшетау қалалық ПБ қызметкерлері қажетті материалдарды жинап, ресейлік әріптестеріне жолдады, - деді ведомстводан.

Жалпы, 2023 жылы ақмолалық тәртіп сақшылары 65 қылмыскердің орналасқан жерін анықтады.

Өзгелердің жаңалығы