Мемлекет жетім және мүгедектігі бар студенттер үшін жатақхана ақысының 50%-ын өтейді

9 Наурыз 2023, 16:35
869
Бөлісу:
Мемлекет жетім және мүгедектігі бар студенттер үшін жатақхана ақысының 50%-ын өтейді
Фото: Егемен Қазақстан

 Өтелетін шығын сомасы 29 АЕК мөлшерінен аспауы тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидалары туралы» Үкімет қаулысына өзгерістер енгізілмек. 

Мемлекет көрсетілген санаттағы азаматтарға жоғары білім беру ұйымдарында оқу кезеңінде жатақханаларда тұрғаны үшін 29 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тұру құнының 50 пайызы мөлшерінде шығыстарды өтейді,-  делінген қаулыда. 

Құжат Ашық НҚА порталында 28 наурызға дейін талқылауға шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы