Мемлекет меншігіне қанша жер телімі қайтарылды?

25 Ақпан 2022, 15:02
1665
Бөлісу:
Мемлекет меншігіне қанша жер телімі қайтарылды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы АШМ өкілі Дүйсенов Бағдат ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

2018 жылдан бастап ҚР-да пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық мақсатындағы 10,5 млн гектар жер анықталған болатын. Оның 2,7 млн гектары мемлекет меншігіне қайтарылған. 4,1 млн гектары тиісті іс-шаралар қорытындысы бойынша бұрынғы жер иеленушілермен қайта айналымға енгізілді, - деді ол. 

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов жер саласындағы мәселелерді тиімді шешу туралы айтты. 

Жер ресурстары елдің ұлттық байлығының негізі, маңызды геосаяси идеологиялық ресурс, азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Жер саясаты жердің әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешу үшін қалай пайдаланатынын және қолдануына негіз болады, - деді ол. 

2022 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы заңға қол қойды.Ол заң бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімін қатарынан 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды. Алаңға бармай-ақ ғарыштық мониторинг арқылы мемлекеттік бақылаудың жаңа механизмін енгізу көзделген.

Өзгелердің жаңалығы