Мемлекет әдебиет академиясын құруға ниетті

1 Ақпан 2019, 16:36
2175
Бөлісу:
Мемлекет әдебиет академиясын құруға ниетті

Астана, BAQ.KZ. Ел билігі Әдебиет академиясын құруға ниет танытты. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төрағаның сөзінше, академия құрылар болса, өзге елдердің классиктерін, сақа сыншылар шақыртып, арнайы дәріс оқытуға мүмкіндік туар еді.

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Жастар жылының ашылу салтанатында айтылған ұсынысты Мәдениет және спорт министрлігі қарастырып жатыр. Тіпті ведомство жаңа жобаны «Жол картасына» енгізіп те қойған. Толық қолдау табар болса, әдебиет институты Астана қаласында ашылуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы