Мемлекет берген баспана сапасы сын көтермейді

25 Қаңтар 2023, 18:15
1561
Бөлісу:
Мемлекет берген баспана сапасы сын көтермейді
Фото: автордан

Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентіндегі мемлекеттен берген баспананың сапасы сын көтермейді. Тұрғындар 2 жыл бойы оның жыртығын жамап әлек, деп хабарлайды Атырау облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

3 қабатты тұрғын-үйде 60 отбасы түтін түтетіп отыр. Мұнда қоныстанғандардың бәрі көпбалалы не мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Төбелері көкке жеткен пәтер иелеріні қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі үйді алғаннан бастап жырығын жамаумен болған. Қазір де салқында терезеден жел гулейді, қабырғалар сыз тартып жатыр деп жыларман күйде. 

Үйдегі еден жабындылары көтеріліп жатыр. Әрі көлемдері қысқа, қабырғаға дейін жетпейді. Терезе, балкондары сынып тұр. Унитазды да ауыстырып, өзім қойдым.  70 тегі кемпір болсам да,  былтыр қыстай пластик терезені жауып шықтым. Біздерге осы үйді тендер алып салған кісіні, канализациясын жүргізген кісіні, тоғын жүргізген, отоплениясын, котелын қойған кісіні шақырып, заңға тартыңдар,- дейді тұрғындардың бірі М.Жұпарбаева.

Су жаңа пәтерде тоқ пен жылу желісінен де үнемі ақау шығатын көрінеді. Осы қыстың басында 10 күн бойы жылусыз отырдық деген жұрт, сол кезде де ешкім жедел келіп, көмек берген жоқ деп налиды. 

Мемлекет берген баспана сапасы сын көтермейді

Кеше мысалы 10 күн жылсыз отырдық. Бір бөлмеде плитка қосып қойдық. Бір бөлмеге газ қосып қойдық. Сосын бір бөлмеде баламызды ұстап отырдық, күйіп қалмасын деп. Алғаннан бері үйдің бәрі проблема. Канализация да, тоқ та, жылу да бәрі проблема. Соны жасап беруін талап етеміз біз,- дейді тұрғындардың бірі Румия Нарешова.

Бұл үйдің құрылысын Қызылордалық «Аман құрылыс» компаниясы жүргізген. Оған бюджеттен 1 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалыпты. Нысанды тапсырғаннан кейін, кем-кетікті қалыпқа келтіруге 2 жыл уақыт болса да, мердігер компания өкілдері бір- бір рет келмеген. Енді әкімдіктегілер жауаптыларды жұмысты аяқтауға міндеттейміз деп сендірді. 

Кемшілік бар екенін білеміз. Аралап көрдік бәрін. Жақсы таныспыз. Қазіргі уақытта мердігер компанияға хат жолдадық. Міндеттейміз енді, олардан кеткен кемшілікті қалыпқа келтіруге. Жұмыс алдағы жарты жалда аяқталады, - дейді олар.

Айта кетейік, үкіметтен берілген сапасыз үй тұрғындарға жалдамалы түрде берілген. Олар ай сайын бөлме санына қарай 12 мыңға дейін ақы төлейді. 5-6 бала асырап отырған жанұя үшін, бұл да үлкен ақша дейді. Сол себепті мемлекет берген үйде дұрыс жағдай жасамаса, баспананы өз атымызға аударсын дейді. Сол уақытта әркім өзі үшін жөндеу жүргізіп алады деген пікірде.  

Өзгелердің жаңалығы