Мемлекет басшысының Жолдауы ЕҚЫҰ-ның назарында

9 Қыркүйек 2023, 06:20
954
Бөлісу:
Мемлекет басшысының Жолдауы ЕҚЫҰ-ның назарында
Фото: gov.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Тұрақты Кеңесінің отырысы барысында Қазақстанның Тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді ұйымға қатысушы мемлекеттердің делегацияларын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған еліміздің экономикалық дамуының жаңа моделі туралы хабардар етті. Қазақстанның жаңа экономикалық бағытының айқындаушы қағидаттары әділдік, инклюзивтілік және прагматизм болатынын атап өтті.

Елші Үкіметке азаматтардың өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты өзгерту бойынша жүктелген міндеттерді егжей-тегжейлі баяндады. Жаңа саясаттың мақсаттары мен міндеттері ЕҚЫҰ-ның әмбебап қағидаттары мен құндылықтарына сәйкес келетіні атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы