Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктерге «Дала орманы» жобасына қолдау білдіруді тапсырды

10 Қараша 2026, 12:22
АВТОР
 Ақорда 10 Қараша 2026, 12:22
10 Қараша 2026, 12:22
105
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге «Дала орманы» жобасына қолдау білдіруді тапсырды.

«Осы орайда, Ұйым қолға алған тағы бір маңызды бастаманы атап өткім келеді. Маған кеше «Қазақ тілі» қоғамының басшысы Рауан Кенжеханұлы «Дала орманы» деген жақсы жобаны таныстырды. Бұл ұйым бір жылдың ішінде серіктестерімен бірге 400 гектар жерге 5 миллион тал еккен. Осы жұмыстың нәтижесінде еліміздің үш облысында 4 үлкен орман питомнигі құрылған. Енді оның ауқымын одан әрі кеңейту керек. Әр ауылдың маңынан 25, аудан орталығының қасынан 50, ал үлкен қалалардың маңайынан 100 гектардан көшеттер өсіретін саябақтар ашу жоспарда бар екен. Мен мұны толық қолдаймын. Дұрыс бастама. Үкімет пен әкімдіктер де бұл жұмысқа атсалысуы қажет, - деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев осындай жобаның арқасында Қазақстандағы орман алқабын ұлғайтуға мүмкіндік туатынын атап өтті. 

Осы жобаның арқасында Қазақстандағы орман алқабын 14,5 миллион гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік туады. Бұл «Қазақ тілі» ұйымының «Таза Қазақстан» жобасына қосқан нақты үлесі болмақ. Қазақтың даласы орманға айналмайды деп кім айтты?! Орманды өсіру де, даланы жайнату да біздің қолымыздан келеді. Сондықтан «Дала орманы» жобасын сапалы жүзеге асыру өте маңызды. Бәріміз қолдайық», - деді Мемлекет басшысы. 

Наверх