Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

19 Шілде 2023, 21:17
498
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
PHOTO
Фото: Ақорда

«Орталық Азия + Араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» саммиті аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Екі ел басшылары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары екенін атап өтіп, Эмомали Рахмонның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.

Өзгелердің жаңалығы