Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

22 Қараша 2023, 18:46
436
Бөлісу:
Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгті қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нгуен Тхань Хунгке ілтипат білдіре отырып, өзінің биыл тамыз айында Вьетнамға жасаған ресми сапарын еске салды. Сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара тиімді кооперацияның жаңа бағыттарын ашуға тың серпін берді. Президент SOVICO Group компаниясының инвестициялық қызметіне қажетті жағдай жасауға еліміздің дайын екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

 Сіздің Қазақстандағы іскерлік белсенділігіңізді құптаймыз. Өзара ынтымақтастық орнататын салаларды айқындай алатынымызға сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған шаралар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы іскерлік байланысты жандандыруға ықпал етеді.

Мемлекет басшысы SOVICO Group компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

 Кездесу барысында ықпалдастықтың перспективті бағыттары, соның ішінде көлік-логистика, қаржы және тау-кен салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Өзгелердің жаңалығы