Мемлекет басшысы: Шаруалардың еңбегіне дән ризамыз

27 Сәуір 2020, 13:01
1240
Бөлісу:
Мемлекет басшысы: Шаруалардың еңбегіне дән ризамыз
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері қиындыққа қарамастан жұмыс істеуде. Бұл жайында Президент өз мәлімдесінде атап өтті.

Шаруалардың еңбегіне дән ризамыз. Көктемгі егіс науқаны мәселелері шешімін тапты. Бұл жұмысқа ешқандай кедергі болмауы керек. Ауыл шаруашылығы министрлігіне және әкімдерге осындай міндет жүктеледі,- деді Президент.
Сонымен қатар, Президент өз мәлімдемесінде биылғы науқанға және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард теңге бөлінгендігін атап өтті.
Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалады, - деді Мемлекет басшысы.
Айта кеткен жөн, жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 триллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.
Өзгелердің жаңалығы