Мемлекет басшысы ресми сапармен Джидда қаласына барды

23 Шілде 2022, 22:18
1643
Бөлісу:
Мемлекет басшысы ресми сапармен Джидда қаласына барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен Джидда қаласына ресми сапармен келді.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президентін әуежайда Корольдің кеңесшісі әрі Мекке провинциясының губернаторы Фейсал Халид бин Әбделазиз, сондай-ақ  Сауд Арабиясы Корольдігінің Қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және ауыл шаруашылығы министрі Абдурахман Әл-Фадли қарсы алды.

23-24 шілдеде Сауд Арабиясы Королдігінің жоғары басшылығымен және іскер топтарымен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.
 

Өзгелердің жаңалығы