Мемлекет басшысы Расул Жұмалыны қабылдады

17 Наурыз 2020, 15:45
1913
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Расул Жұмалыны қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 
8ce2e6a4da0521e6429bc1b996c7669f.jpg

Кездесу барысында еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі ахуалы және оны дамыту, отандық контенттің сапасын арттыру, мемлекеттік тілді өркендету, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, ағартушылық жұмыстар жайында сөз болды.

Бұдан бөлек саясаттанушы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамаларына қолдау білдіріп, оның жұмысын одан әрі ілгерілетуге, жастар саясаты мәселесіне қатысты өз ойымен бөлісті.

Өзгелердің жаңалығы