Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады

21 Наурыз 2024, 17:00
500
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады
Фото: Ақорда

Кездесуде еліміздегі мәдениет саласының дамуы мен өзекті проблемалары талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жәния Әубәкірова Президентке жеке шығармашылығы мен өзінің авторлық мектебінің жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар ұзақ уақыт бойы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болған маман музыкалық жоғары білім саласы туралы ой-пікірін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жәния Әубәкірованың қоғамдық мәселелерге қатысты ұсыныстарын тыңдап, өнер саласындағы бастамаларына сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы