Мемлекет басшысы QazaqGaz төрағасын қабылдады

24 Ақпан 2023, 19:18
1639
Бөлісу:
Мемлекет басшысы QazaqGaz төрағасын қабылдады
VIDEO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Санжар Жаркешов ұлттық компанияның 2022 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы, алдағы кезеңге арналған жоспары мен газ саласы стратегиясын дамыту туралы есеп берді. Сондай-ақ газ саласындағы реформаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді. 

Сонымен қатар

  • Халықты табиғи газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
  • Қазақстанда 2022-2023 жылдардағы жылыту маусымында бұрын-соңды болмаған көп мөлшерде газ пайдаланылғанын хабарлады.
  • Қашаған кен орнындағы газ өңдеу зауыты құрылысының барысы туралы мәлімет берді. «QazaqGaz» компаниясы Алматыдағы жылу электр орталығына газ құбырын тарту, Бейнеу – Жаңаөзен газ құбырының екінші желісін салу, Мақат – Солтүстік Кавказ газ құбырын кеңейту және басқа да маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр.
  • Ұлттық компанияның ресурс базасын ұлғайту және геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру үшін жүргізіп жатқан белсенді жұмысы туралы баяндады.
  • Шығындарды оңтайландыру нәтижесінде былтыр ұлттық компанияның қарызы 26 пайызға азайғанын айтты. Президент газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін реформаны жалғастыруды тапсырды.
Өзгелердің жаңалығы