Мемлекет басшысы Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

31 Шілде 2023, 16:35
824
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Пәкістан Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге елдің солтүстік-батысында болған лаңкестік шабуыл салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Қазақстан халқының және жеке өз атынан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғыра көңіл айтып, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді,- делінген жеделхатта.

Өзгелердің жаңалығы