Мемлекет басшысы Halyk Bank басшыларын қабылдады

19 Желтоқсан 2022, 18:33
983
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Halyk Bank басшыларын қабылдады

Президент Halyk қаржы тобының өкілдері Александр Павловпен және Үміт Шаяхметовамен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысына банктің қазіргі қызметі, даму перспективалары, сондай-ақ отандық бизнеске қолдау көрсету, сондай-ақ Қазақстанның шет мемлекеттермен экономикалық және іскерлік байланыстарын кеңейтуде топтың әлеуетін пайдалану жөніндегі ұсыныстары жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды.

Банктің экономикадағы нақты секторды несиелендіруіне, цифрлық қызметтерді әзірлеу және енгізу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетіне, сонымен қатар әлеуметтік жобаларды іске асыруына ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы тобының қызметіне оң баға берді. Бизнесті қолдаудың және Қазақстан экономикасын қаржыландыруды ынталандырудың өзектілігі мен стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

 

Өзгелердің жаңалығы