Мемлекет басшысы: Ғылым мен технология өте қарқынды дамуда

12 Сәуір 2023, 15:05
1075
Бөлісу:
Мемлекет басшысы: Ғылым мен технология өте қарқынды дамуда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының айтуынша, ғылым мен технология өте қарқынды дамуда.

Біз, ең алдымен, жұмыстың негізгі бағдары мен басымдықтарын айқындап алуымыз керек. Қазір әлемде түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Геосаясат, экономика және қоғамдық қатынастар бұрын-соңды болмаған сын-қатерлерге тап болды. Ғылым мен технология өте қарқынды дамуда. Ғылым саласы қаржы айналымы миллиардтаған долларды құрайтын алып индустрияға айналды. Технологиялық ірі корпорациялардың құны триллион долларға жетті, - деді ол.

Тоқаев нейрожелі және жасанды интеллект революциялық үдерістерге бастау болып жатқанын атап өтті.

Соған сәйкес мүлде бөлек, жаңа өмір салты қалыптасуда. Оның пайдалы жақтарымен қатар зор қатер туғызуы мүмкін зиянды тұстары да бар. Жасанды интеллектіге байланысты, тіпті, Илон Масктің өзі алаңдаушылық білдіріп, оның дамуын әзірше тоқтату керек деп айтқан екен. Өйткені жасанды интеллект бүкіл адамзатқа үлкен қауіп төндіруі мүмкін деп ескерткен. Энергетика, медицина, био және гендік инженерия саласында іргелі жаңалықтар ашылды. Оның бәрі адамзат өміріне түбегейлі өзгерістер әкеле бастады, - деді Президент.

Өзгелердің жаңалығы