Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронға коронавирустан тезірек сауығып кетуін тіледі

18 Желтоқсан 2020, 08:52
1465
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Эмманюэль Макронға коронавирустан тезірек сауығып кетуін тіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президенті Эмманюэль Макронға коронавирустан тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін! - деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.
Бұған дейін, Франция Президенті Эмманюэль Макронның коронавирус жұқтырғандығы туралы ақпарат жарияланған болатын.  

Өзгелердің жаңалығы