Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

3 Қаңтар 2023, 11:02
612
Бөлісу:
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

"Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқықбұзушылықтар және вандализм көріністері үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне экологиялық құқықбұзушылықтар және вандализм көріністері үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".

Өзгелердің жаңалығы