Мемлекет басшысы #Birge #TazaQazaqstan акциясын қолдады

26 Шілде 2019, 00:29
1463
Бөлісу:
Мемлекет басшысы #Birge #TazaQazaqstan акциясын қолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев #Birge #TazaQazaqstan акциясын қолдады. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды.


"Үкімет пен азаматтық қоғамның бастамасымен бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан ЭКО-Челлендж қозғалысын толық қолдаймын. Елді тазалық аймағына айналдырайық. Бірге - Таза Қазақстан! Жарайсыңдар, волонтерлар! #Birge #TazaQazaqstan", - деп жазды Мемлекет басшысы. 

Естеріңізге сала кетейік, 16 шілде күні ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев #Birge #TazaQazaqstan акциясын жариялады. Содан бері игі бастама еліміздің түкпір түкпірінен қолдау тауып келеді. 



Өзгелердің жаңалығы