Мемлекет басшысы Қазақстанның Беларусьтегі елшісін тағайындады

12 Тамыз 2019, 12:44
1185
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қазақстанның Беларусьтегі елшісін тағайындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Асанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды. 

Өзгелердің жаңалығы