Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай елшісімен кездесті

27 Наурыз 2019, 18:11
1539
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай елшісімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, екі ел халықтарының игілігі жолындағы байланыстардың одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Төтенше және өкілетті елші Чжан Сяо Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтауын жеткізіп, достық пен стратегиялық серіктестік рухындағы екі жақты ынтымақтастықты дамыта түсуге күш салатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы