Мемлекет басшысы Астана қаласының және Қарағанды облысының әкімдерін қабылдады

13 Желтоқсан 2022, 18:29
832
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Астана қаласының және Қарағанды облысының әкімдерін қабылдады

Президентке Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысына сорғы-сүзгі стансасы (ССС-3), газбен жылыту стансалары, жылу электр орталығы секілді қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы жөнінде баяндалды. 

Аталған нысандардың құрылысы 2023 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Президентке елорданы газбен қамту ісінің барысы, ұзаққа созылған құрылыс жұмыстарының аяқталуы, әлеуметтік нысандардың құрылысы, тұрғын үй алаптарын дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту бойынша ақпарат берілді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкіміне жылу беру маусымының барысын бақылауда ұстауға, елорданы одан әрі өркендетуге қатысты бірқатар тапсырма берді. 

Сондай-ақ Президент Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевты қабылдады. Ол Мемлекет басшысына аймақтың биылғы 11 айдағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнінде есеп берді. 

Мемлекет басшысы Астана қаласының және Қарағанды облысының әкімдерін қабылдады

Мемлекет басшысына өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы баяндалды. Облыс әкімінің мәліметінше, өнеркәсіптің барлық саласында оң үрдіс байқалады. Атап айтқанда, бұл сала 6 пайызға өскен. Кездесу барысында аймақтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, оның ішінде жылу және сумен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайына айрықша назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы