Мемлекет басшысы Ақтаудағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

11 Сәуір 2019, 17:54
2461
Бөлісу:
Мемлекет басшысы Ақтаудағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты. Орталық мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік, салық және статистикалық есептер, кедендік рәсімдер, ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету және кәсіпкерлерге құқықтық көмек беру мәселелері жөнінде тегін кеңес беріледі», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Ақтаудағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

Сонымен қатар, Президентке «Бастау-Бизнес» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы баяндалды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобалары: түйе шаруашылығы, репетиторлік орталық, типография, сұлулық салоны, стоматологиялық кабинет, балабақша және басқа да бастамалар таныстырылды.

Келесі кезекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қалалық №2 емханаға барды. Мекеменің жұмысымен танысу барысында Мемлекет басшысы емдеу және күндізгі стационар кабинеттерін және емхананың жедел медициналық жәрдем станциясын аралап көрді.

Мемлекет басшысы Ақтаудағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

Емделушілерді арнайы көпсалалы дайындықтан өткен тәжірибелі дәрігерлер қабылдайды. Бұл барлық санаттағы тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, емханада тұрғындарды ақпараттық қолдау жүйесі жұмыс істейді. Соның ішінде тәулік бойы қызмет көрсететін call-орталық, сенім телефоны және емхананың веб-сайты бар.

Өзгелердің жаңалығы