Мемлекет басшысы Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Албанияның ұлттық мерекесіне орай Мемлекет басшысы Байрам Бегайға құттықтау жеделхатын жолдап, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді.

 Ақорда 28 Қараша 2026, 10:36
28 Қараша 2026, 10:36
130
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албанияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ықпалдастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Албания халқына бақ-береке тіледі.

Наверх