Мемлекет басшылары неге көк, қызыл түсті галстук тағады?

17 Қазан 2022, 11:00
2704
Бөлісу:
Мемлекет басшылары неге көк, қызыл түсті галстук тағады?
PHOTO

 Қарапайым галстук тек аксессуар ғана емес, ақпарат таратушы құрал бола алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Галстук немістің «Halstuch» сөзінен шыққан. Негізгі мағынасы - мойынға байланған мата жолағы дегенді білдіреді. Саяси отырыстар, іскерлік кездесулер,  маңызды оқиғалардың басты аксессуары да осы - галстук. Дегенмен, ол тек аксессуар ғана емес, өз иесінің мінезі, көзқарасы туралы да ақпар бере алады. Мемлекет басшыларының көбі неге көк, қызыл түсті галстукты таңдайды?

Мемлекет басшылары неге көк, қызыл түсті галстук тағады?

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы көбіне көк, күңгірт қызыл, күлгін түсті галстуктерді таңдайды. Психологтардың айтуынша көк түсті галстук оның сенімді әрі көпшіл екенінен хабар береді. Сондай-ақ, егер ер адам көк түсті галстук тақса, ол оның өктемшіл әрі өз қағидаларына берік адам екенін көрсетеді дейді.

Күңгірт-қызыл түс – молшылық пен биліктің түсі. Психологтар бөгде біреудің сыйлы көз қараспен қарағаның қалайтын жандар осы түсті таңдайды деседі.

Мемлекет басшылары неге көк, қызыл түсті галстук тағады?

2. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин – қара, қоңыр қызыл түстегі галстуктерді жиі тағады. Қара галстук иелері эмоцияны көпшілік алдында сирек көрсетеді. Сондай-ақ амбицияның жоғары болуын, табандылықты және мақсаттылықты білдіретінін ұмытпаған абзал. Көбіне қара галстуктарды құрметті және консервативті адамдар өз беделін және күшін көрсеткісі келетін саясаткерлер мен дінбасылар киеді. Ал қоңыр-қызыл түсті галстук иелері қашан да өзіне сенімді болады дейді мамандар.

Мемлекет басшылары неге көк, қызыл түсті галстук тағады?

3. Доналд Трамп үнемі қызыл, көк түсті галстукпен көзге түседі. Қызыл түс - күш қуат пен өзіне деген сенімділікті білдіреді. Сондықтан да ол адамның біліктілігі мен қуаттылығын көрсетеді.

Мемлекет басшылары неге көк, қызыл түсті галстук тағады?

4. Беларусь президенті Александр Лукашенко тек отандық өнімді қолданатының айтып жүр. Мемлекеттік маңызы бар отырыстарда тек көк, қызыл түсті галстуктерді тағуды құп көреді.

Мемлекет басшылары неге көк, қызыл түсті галстук тағады?

5. Қырғызстан Президенті – Садыр Жапаров үнемі галстук таға бермейді. Ол оны өзіне қолайсыздық тудыратындығымен түсіндіреді. Бірақ, мемлекеттер арасындағы саяси отырыстарды көк түсті галстук тағады.

Мемлекет басшылары неге көк, қызыл түсті галстук тағады?

6. Бұл екі түсті таңдайтын президенттер қатарында Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Эрдоған да бар. Оған қоса президент кей кездесулерде жасыл түсті галстукпен де көзге түседі. Жасыл галстук иесі айналасында шақырылатын атмосфераны тез құруды біледі, ол байланысқа ашық. Ол үйлесімділікке толы, өзіне сенімді, бірақ сонымен бірге өзіне өте талапшыл. Жасыл түсті галстукты ұнататын ер адамдар әдетте өте консервативті және дәстүрлерге құрметпен қарайды. Олар агрессивті емес дейді мамандар.        

Мемлекет басшылары неге көк, қызыл түсті галстук тағады?

7. Украина президенті Владимир Зеленский қызыл түсті мүлдем ұнатпайтындай. Ол тек қара түсті галстукпен көзге түседі. Жоғарыда атап өткендей, қара түсті галстук иелері бірінші орынға отбасын қояды дейді мамандар.

Өзгелердің жаңалығы