Мектептерде асханалар ашылады

15 Қаңтар 2021, 03:30
1759
Бөлісу:
Мектептерде асханалар ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінде дүйсенбіден бастап асханалар ашылады. Кезекші сынып оқушылары үшін «ыстық тамақ» ұйымдастырылады. 

Мұндай шешім өңірлік ведомствоаралық комиссияда қабылданды. Бұл ретте барлық санитариялық - эпидемиологиялық шаралар сақталуға тиіс. Асхананың толтырылуы бір уақытта 30% - дан аспауы керек. Егер асхана 100 орындық болса, онда бір уақытта 30 оқушы ғана тамақтана алады. Асхана қызметкерлері медициналық бетперде тағулары керек және бетперделерін әр 3 сағат сайын ауыстырылып тұруы тиіс. Үстелдер арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы  керек. Тамақтану аймағында тазалық жұмыстары әр сағат сайын жүргізілуі қажет, онымен қатар бөлме жиі желдетілуі керек. 

Асхана қызметкерлері үшін міндетті түрде байланыссыз термометриясы бар таңертеңгілік сүзгі ұйымдастырылады, ЖРВИ белгілері жоқ қызметкерлер жұмысқа жіберіледі. Нормалардың сақталуына мектеп әкімшілігі жауапты болады.

Өзгелердің жаңалығы