Мектептер наркомания мен алкоголизмнің алдын алу бойынша қандай жұмыс істеп жатыр

Кеше, 18:22
126
Бөлісу:
Мектептер наркомания мен алкоголизмнің алдын алу бойынша қандай жұмыс істеп жатыр
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бүгінгі күні жаман әдет, жағымсыз қылықтар мен қауіпті кеселдір жасөспірімдер арасында белең алуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында да атап өтті.

Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің басқарма басшысының айтуынша, күрделі мәселенің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тәрбие жұмысының «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жаңартып, барлық білім беру ұйымдарына енгізді. Онда, синтетикалық наркотиктердің таралуының алдын алу бойынша сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс шаралар қарастырылған. Аталған іс-шараларға сынып жетекшілер, педагог-психологтер құқық қорғау органдарының қатысуы қамтамасыз етілуде.

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру институты педагогтер, ата-аналар және тәрбие мамандарының арасында «Нашақорлық. Себептері, белгілері және салдары», «Саламатты мектеп» – «денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер» тақырыптарында семинар, вебинар өткізілді. Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментаментімен бірлесе 300 мың білім алушылар арасында есірткінің зияндылығы туралы диктант жазылды. «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» бойынша барлық білім басқармаларында тұрақты жұмыс отырыстары өткізіліп отырады. Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерімен бірлесе Темекі шегу, наркомания және алкоголизмнің алдын алу бойынша білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, Әр өңірде психологиялық қолдау орталықтары ашылды, - дейді ол.

Осы орталықтарға және мектеп психологтарына көмек ретінде 2024 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен балалардың психикалық және физикалық денсаулығына теріс әсер ететін құбылыстардың салдарын болдырмауға бағытталған 60 диагностикалық құралды қолдануға арналған әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, ұсынылды.

Құралдар арасында - Шуберттің «Қауіптілікке дайындық» сауалнамасы (PSK), Сьюзен Деллингердің психогеометриялық тесті, Р. Кондаштың (А.М. Прихожанның) тұлғалық алаңдаушылық шкаласы, балалардың алаңдаушылығын көпөлшемді бағалау әдістемесі, Роджерс-Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделуді диагностика жасау әдістемесі, Ш. Шварцтың құндылықты бағдарларды зерттеу әдістемесі, «Кимберли Янгтың тесті», Ч.Д. Спилбергердің тұлғалық және ситуативті алаңдаушылықты анықтау әдістемесі, «Жасөспірімдер арасындағы ата-ана мен бала қатынасы» – ата-ана жасөспірімнің көзімен әдістемесі қарастырылған.

Өңірлік психологиялық қолдау орталықтары мен психикалық денсаулық орталықтары арасында психологтардың біліктілігін арттыру және есірткіге тәуелділікті ерте анықтау бойынша іс-шаралар өткізу жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумдар әзірленуде.

«Біртұтас тәрбие» біртұтас бағдарламасының қағидаттарына сай «Білім-Инновация» лицейлеріндегі тәрбие жұмысы «мектеп – бала – ата-ана» үштігіне негізделген.

Шамамен 6 700 білім беру ұйымдарында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары құрылды, олар ата-аналарға тәрбиелеу процесіне тиімді қатысу үшін құралдар ұсынады.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарында отбасылық байланыстарды нығайтуға және балалардың эмоционалдық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған «Өнегелі 15 минут» жобасын жүзеге асырады. Бұл республикалық жоба «Білім-Инновация» лицейлерінде осыған ұқсас жобаны сәтті жүзеге асыру тәжірибесі негізінде әзірленді.

«Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесін барлық үлгідегі білім беру ұйымдарында трансляциялау мынадай тетіктер арқылы жүзеге асырылады:

- тәрбиелеуге инновациялық тәсілдер бойынша әдістемелік материалдарды жариялау (ұсынымдар басқа білім беру мекемелеріне қолжетімді және оларға табысты тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді);

- БИЛ тәжірибесін қабылдағысы келетін мұғалімдер үшін тренингтер, семинарлар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру (мысалы, ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында республикалық семинар-тренингте 500 қатысушыға арналған «Балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі: ата-аналар мен мектептің бірлескен жауапкершілігі» шеберлік сыныбы өткізілді);

- әдеттегі мектептермен (Екібастұз, Щучинск, Астана қалалары) серіктестік келісімдер жасасу, онда бірлескен жобалар, мұғалімдер үшін тағылымдамалар және оқу процесін ұйымдастыруда тәжірибе алмасу және т.б. іске асырылады.

«ӨРКЕН» балалар әл-ауқатының ұлттық ғылыми-практикалық институты 10 106 педагог үшін «Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағартудың ғылыми-әдістемелік негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша курстар ұйымдастырды.

Халықаралық балаларды қорғау күні ата-аналар мен педагогтардың өзара тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету мақсатында «Балажан: ата-аналардың волонтерлігі» республикалық акциясы өткізілді. 46,1 мың волонтерлік іс-шараға 3,7 млн бала және 1,1 млн ата-ана қатысты.

Ата-аналарды қолдау мақсатында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» цифрлық платформасы әзірленді: https://orken-instituty.kz/ru/dashboard/main.

«Даналық мектебі» клубтары құрылып, олар үлкен буынның педагогикалық әлеуетін дамыту арқылы жағымды ата-ана мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Клуб этнопедагогиканы «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» секциялары арқылы жандандырады. Жалпы алғанда, 98,4 мың клубтық іс-шара өткізіліп, 2,1 миллион ата-ананы қамтыды.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы бала тәрбиесіне, ата-ана мен баланың арасындағы қарым қатынасты реттеуге, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануға, жағымсыз әдеттерден алшақтатып, пайдалы іспен айнылысуға, өзара саламатты қарым-қатынасты орнатуға бағытталған.

Бұл жұмыстар әрі қарай жалғастырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы