Мектепте тамақтануды мемлекеттік сатып алу процесі автоматтандырылды

8 Тамыз 2020, 19:19
1989
Бөлісу:
Мектепте тамақтануды мемлекеттік сатып алу процесі автоматтандырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігінде қала әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша онлайн-отырыс өтті. 

Алтай Көлгінов заңнаманы бұлжытпай сақтау және кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау қажетін атап өтті. 

Әкімдік әлеуметтік тұрғын үй, әлеуметтік нысандар, жол салу, аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, көгалдандыру және т.б. сияқты бірқатар маңызды бағдарламаны жүзеге асыруда. Кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау қажет. Құқық бұзушылықтың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидаты болуы тиіс. Мысалы, ата-аналар тарапынан да, бизнес тарапынан да мектеп тамағына мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашық еместігі туралы шағымдар түсті. "Астана адалдық алаңы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен, Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп осы мәселені зерделеген болатын. Осылайша, мектептегі тамақтануды мемлекеттік сатып алу процесі автоматтандырылып, тамақтану саласы электронды форматқа көшірілді. Осылайша, адами фактор жойылды. Сондай-ақ, қоғамдық бақылаушылар да процеске қатысады. Барлық шағымға "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаты бойынша жедел ден қою керек, - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың өнімсіз шығыстарын қысқарту бойынша жұмыс жүргізілді. Әкімдіктің жергілікті бюджетін оңтайландыру 35 млрд теңгені құрады. Үнемделген қаражат әлеуметтік салаға бағытталған. Экономиканың нақты секторын және инфрақұрылымды қолдауға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаржы апатты үйлерді бұзуға, жолдар, аулалар, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға жұмсалады. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек жүйесін дамытуға 7 млрд теңге: балабақшалардан қосымша орындар, медициналық жабдықтар сатып алу, аз қамтылған санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көлемін ұлғайтуға бағытталды. 

ШОБ-ті қолдауға – 5 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Бұл қаржы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру үшін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға бөлінеді. Оңтайландыру барысында бірқатар кәсіпорын таратылып, сенімгерлік басқаруға берілді, ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылық құрамы қысқартылды және т.б. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Өзгелердің жаңалығы