Мектептегі қауіпсіздік: Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығу шаралары өтті

29 Сәуір 2022, 17:25
2465
Бөлісу:
Мектептегі қауіпсіздік: Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығу шаралары өтті
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің мектептерінде өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу шаралары жүргізілуде. 

Шара облыс орталығындағы №16 мектеп-лицейінде өтті. Дабыл бойынша білім беру ошағынан 800-ден астам оқушы мен мұғалім сыртқа шығарылды. Адамдар санаулы минут ішінде өрттен қауіпсіз жерге, яғни, спорттық алаңға жиналды. 

Мектептегі қауіпсіздік: Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығу шаралары өтті

Өрт қауіпсіздігі нормативтері бойынша оқыс оқиға кезінде адамдар ғимараттан үш минут ішінде шығарылып үлгеруі керек. Бұл тапсырманы оқушылар мен мектеп ұжымы рекордтық уақытта - 1 минут 31 секундта орындады.

Оқу эвакуациясы сәтті өтті. Біздің мектепте бірінші ауысымда 37 сынып оқиды. Жаттығу барысында талап-ережедер орындады. Бұған дейін әр сыныпта қауіпсіздік ережелері бойынша сабақтар өтті. Мектеп ғимаратында 13 апатты шығыс орны бар. Әр сынып үшін арнайы есік қарастырылған. Оқушыларымыз хабардар. Білім алушылардың барлығы бетперделермен қамтылған, - дейді мектеп директоры Татьяна Мигунова. 

Мектептегі қауіпсіздік: Павлодар облысында өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығу шаралары өтті

Айта кетейік, сәуір айында облыс орталығындағы екі мектепте өрт болды. Мәселен, №28 орта мектепте оқыс оқиға тіркелді. От физика кабинетінен шығып, 1200 шаршы метрлік аумақты шарпыды. Ғимараттың шатыры жанып кетті.

Алдағы уақытта мектептердегі өрт қауіпсіздігі бойынша тексеріс шаралары күшейтілмек. 

Өзгелердің жаңалығы