"Мектепке жол" акциясы. "Менің атамекенім" порталында өтініштер қабылданады

17 Тамыз 2020, 13:16
5808
Бөлісу:
"Мектепке жол" акциясы. "Менің атамекенім" порталында өтініштер қабылданады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Мектепке жол" акциясы аясында көмекке мұқтаж жандар портал арқылы өтініш қалдыра алады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова әкімдікте өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Мұқтаж балаларға көмек көрсетуге және оқумен қамтылмай қалған балаларды анықтауға бағытталған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Көмек алу үшін "Менің атамекенім" (atamekenim.kz) порталының "Мектепке жол" бөлігіне өтініш қалдыру қажет. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша "Менің атамекенім" порталында 3 629 өтініш тіркелген. Акция аясында жалпы сомасы 100 млн теңгеге 7 мыңға жуық баланы көмекпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Биылдан бастап 42 млн теңгеге 4 203 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдық, киім-кешек түрінде қолдау көрсетілді. Аудан әкімдіктері 1 400 балаға оқуға қажетті құралдар сатып алуға көмек көрсетеді, - деді Қадырова.

Шолпан Қадырова, бизнес өкілдерін "Мектепке жол" акциясына қолдау көрсетуге шақырды.

Айта кетейік, жаңа оқу жылына балаларды мектепке дайындау кезінде мемлекеттік көмекті кімдер ала алатыны туралы айтылды.

Сондай-ақ, биыл 17 000 баланың көлік картасына 40 000 теңгеден бірлік түрінде салынады. Оған ата-аналар сауда орындарынан балаға мектепке қажетті жабдықтарды сатып алуға мүмкіндігі бар.
Өзгелердің жаңалығы