«Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады

4 Тамыз 2023, 13:35
988
Бөлісу:
«Мектепке жол» акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады
Фото: Арман Мухатов - архив

Биыл қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса» ұранмымен өтеді. Осы мақсатта барлық білім беру ұйымдарындағы қоғамдық қабылдау бөлімдері үздіксіз жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. тілшсі.

«Мектепке жол» акциясы 2018 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қайырымдылық шарасы жыл сайын 1-30 тамыз аралығында өтеді. Акция аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан, асыраушысынан айырылған және ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдауды көздейді.

Биыл қолдау жұмысы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Осы мақсатта ірі сауда орталықтарында мұқтаж жандарға көмек көрсету пункттері ашылады. Акция аясында балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 77-25-28 жедел байланыс желісі іске қосылған. Бұдан бөлек балалардың құқықтарын қорғау жедел байланыс телефоны және «BALA QORǴAU» телеграмм чат боты арқылы жүргізіледі. Айта кеткен жөн, былтыр демеушілер мен меценаттардың белсенді қолдауының нәтижесінде 3 милииард 781 миллион теңгеге 204 мыңнан астам оқушыға көмек қөрсетілді, - деп хабарлады Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов.

Жалпы жаңа оқу жылында ел бойынша 390 мыңға жуық бүлдіршін 1-сыныпқа барады. Нәтижесінде мектепте білім алушылар саны 3,9 миллионға өседі.

Өзгелердің жаңалығы