Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу бағдарламалары әзірленіп жатыр

19 Қыркүйек 2022, 21:15
1258
Бөлісу:
Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу бағдарламалары әзірленіп жатыр

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, Орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев және Балаларды ерте дамыту институтының басшысы Манара Адамова мектепке дейінгі ұйымдардың оқу бағдарламаларын әзірлеп жатыр, деп хабарлады BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін жаңа үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС бекітілген болатын. 

Оған қоса, бүгін біраз жаңалықпен де бөліскен едік. Еліміздің 16 өңірінде (әкімдердің шешімімен) бала құқықтары жөніндегі уәкілдер тағайындалды. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері мамандармен жұмысты бастап кетті. Жаңадан тағайындалғандар баланың құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы туралы өтініштерді, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдарды қарауы керек. Олар сондай-ақ балаларды қорғау саласындағы мәселелерді шешуге арналған заң жобаларын ілгерілетуге қатысады.

«Үздік педагог-2022» конкурсына қатысуға құжат қабылдау жалғасып жатыр. Алғашқы аптада тәрбиешілер мен мұғалімдерден 2,6 мыңнан астам өтініш түсті. Конкурс нәтижесінің ашықтығына күмән келтіретіндер бар болса, биыл цифрландыру бағытында қыруар жұмыс атқарылғанын атап өткім келеді. Конкурстың барлық кезеңі, яғни өтінім беруден бастап қорытындыға дейінгі жұмыстар платформада көрсетіледі. Сондықтан марапат өз иелерін табуы үшін бұдан да көп өтінімді күтеміз. Жеңімпаздарға 3 млн теңгеден және төсбелгілер беріледі.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Бөбек» оқу-сауықтыру орталығы жұмыс істейтінін еске салғымыз келеді. Орталықта жыл басынан бері 1 000-нан астам аз қамтылған отбасы балалары сауықтыру процедураларынан өтті. Оған қоса, балалар оқуларын да жалғастырды, себебі орталықта білім алуға барлық жағдай жасалған. Алматы қаласындағы «Бөбек» жыл бойы жұмыс істейді. Бұл ақпарат шұғыл көмекке мұқтаж балалардың ата-аналарына пайдалы болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы