Елордада мектеп автобусы мен жолаушылар автобусы соқтығысты

7 Қазан 2019, 13:17
1527
Бөлісу:
Елордада мектеп автобусы мен жолаушылар автобусы соқтығысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол апаты салдарынан 2 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. 

«7 қазанда сағат 7.24-те Мәңгілік ел даңғылы бойындағы аялдамада бүйірлік интервалды ескермеген №15 автобус аялдамада балаларды күтіп тұрған мектеп автобусымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы кезінде мектеп автобусында жолаушылар болмаған», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметтеріне сүйенсек, №15 автобуста 30 шақты жолаушы болған. Жол апаты салдарынан автобустың 2 жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы