Мексикалық өнертапқыштар мұрынға тағуға арналған маска ойлап тапты

28 Наурыз 2021, 08:40
1883
Бөлісу:
Мексикалық өнертапқыштар мұрынға тағуға арналған маска ойлап тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия кезінде сұраныс ең жоғары тауарлардың бірі – маска. Сол себепті уақыт өте келе оның түр-түрі ойлап табылып жатыр.

Бұған дейін үндістандық дизайнерлер асыл тастармен безендірілген қымбат бетперделерді көрсеткен. Ал енді мексикалық өнертапқыштар тамақ ішкен кезде тағып отыруға болатын масканы ойлап тапқан.

Қорғаныш құралы мұрынға ғана тағылады. Мамандар ол қоғамдық орында коронавирус жұқтыру қаупін төмендетенін айтады.

Қоғамдық орында тамақтану кезінде адамдар еріксіз маскаларын шешеді. Ал ол вирус жұқтыру қаупін арттырады. Бұл ретте мұрынға тағатын маскалардың көп пайдасы тиюі мүмкін, – дейді иммунолог Густаво Акоста.

Өзгелердің жаңалығы