Меккеде дауыл тұрып, нөсер құйды

24 Тамыз 2023, 05:38
743
Бөлісу:
Меккеде дауыл тұрып, нөсер құйды
Фото: видеодан скрин

Сауд Арабиясында дүлей дауыл тұрып, нөсер жаңбыр жауды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Табиғи апат қасиетті қала Меккеде қажылықта жүргендерді қатты әуреге салды. Желдің күшті болғандығы сонша, адамдарды құлатып, сүйрей жөнелген. Жауын соңы тасқынға ұласып, су көліктерді шайып әкетті.

Бұдан басқа қолайсыз ауа райы Джидда және басқа аймақ тұрғындарын да әлекке салды. Күшті жел электр желілерін үзіп, үлкен билбордтарды құлатқан.

Өзгелердің жаңалығы